Ұзынағаш ауылы тұрғынынан коронавирус расталды

pixabay.com
Алматы облысында коронавирус жұқтырудың тағы бір жаңа жағдайы анықталды.

Алматы облысында коронавирус жұқтырудың тағы бір жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған 67 жастағы ер адам Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында анықталып отыр.

29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған, оның тапсырған анализдерінен коронавирус расталды.

Карантинге дейін ер адамның Алматы қаласында иық буындары артритінен емделгені хабарланады. Бұл жағдай бойынша қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.

30 наурыздағы жағдайға сай, Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды