"Birgemiz" деген қор Қазақстанның мегаполистеріне 5 млн маска жеткізеді

Pixabay
Халықтың "әлжуаз" топтары бар. Тегін маскалар соларға беріледі, дейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымын ескере отырып, ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қоры "СК-Фармация" операторымен 5 млн масканы сатып алу жөніндегі шартқа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы көлемнен тегін маскалар халықтың әлжуаз топтарына — жалғыз тұратын қарттарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасап отырған адамдарға берілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды