Алматы маңында карантинге жабылған тұрғын үй кешенінде 22 мың адам қамауда қалды

видеодан алынды
Тұрғын үй кешенінің аумағы қоршауға алынды. Периметр бойынша кезекшілікке әскерилер қойылды.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені бүтіндей карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұнда дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, онда медициналық қызметкерлер арнайы осы ықшамауданның тұрғындары үшін жұмыс істейді. Азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сату ұйымдастырылады. Санитария жұмыстары да жалғасатын болады. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй кешенінің аумағы қоршауға алынды. Периметр бойынша кезекшілікке әскерилер қойылды.

"Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 5088 пәтер бар және онда шамамен 22 мың адам тұрады.

28 наурызда "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің бір подъезі карантинге алынған. Онда коронавируспен ауыратын қыз тұрып жатқан. 1 сәуірде тағы бір әйелдің инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды