Панфилов ауданында полицейлер жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Текелі қаласының жас кәсіпкері мен бір блогері санитарлық күзетте тұрған бекет қызметкерлеріне пицца жегізіп, сусын ішкізген екен.

Панфилов ауданының полицейлері Жаркент қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жеке құрамнан төтенше жағдайға байланысты күн-көрісі нашар және көпбалалы отбасыларға жәрдем беру туралы ұсыныс түсті. Бүгін бірнеше көпбалалы және әлеуметтік жағдайы қиын отбасыларға көмек көрсеттік. Оларға азық-түлік жеткізілді. Қашықтан оқыту жүйесі енгізілгендіктен жағдайы төмен отбасының мектеп жасындағы жасөспіріміне смартфон табыс етілді. Қиын шақта қолдау көрсеткен аудандық полицияның жеке құрамына ризашылығымды білдіремін. Игі шараны қолдан келгенше жалғастырамыз", - деді Панфилов АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

Сондай-ақ, қоғамның белсенді өкілдері, кәсіпкерлер мен блогерлер тарапынан да санитарлық шараларды қамтамасыз ету мақсатында құрылған бекеттердегі полицейлер мен медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтып, сый-құрмет көрсету деректері кездеседі.

Текелі қаласының жас кәсіпкері мен жергілікті блогері қала аумағының санитарлық күзетінде тұрған бекеттегі қызметкерлерге тұрғындар атынан алғыстарын айтып, пицца және сусындар табыстады.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары індетті жеңу үшін әрбір адам сақтық шараларына үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет екенін ескертеді. Облыстағы сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүрмеуге шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды