Шымкентте 4 сәуірде сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі

inbusiness.kz
Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласында 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Карантин режимі аясында Шымкентте барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылады. Саябақтарға, қоғамдық тамақтану орындарына баруға болмайды, кафелер мен мейрамханалар үйге жеткізу бойынша ғана жұмыс істейді.

Қаланың қоғамдық көліктері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді.

Азық-түлік базарлары сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

55 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығуға болмайды.

Шымкентте вирусты жұқтырғандардың жалпы саны бүгінде 11 адамды құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды