Алматы облысында карантин талаптарын бұзу деректері орын алуда

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Құқық бұзушы карантин жарияланған аумақтан шығуға тыйым салынғанын біле тұра, жақын маңдағы базарлардың біріне барып келуге шыққанын айтқан.

Текелі қаласының тәртіп сақшылары түнгі мезгілде тыныштықты бұзған және еліміздегі төтенше жағдай тәртібін сақтамаған ойын клубының иесіне тиісті хаттама толтырған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот шешімімен құқық бұзған кәсіпкер 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Ал, Іле ауданының 46 жастағы тұрғыны "Алматинка" өзенінің сағасын жағалап, Алматы қаласының аумағына жасырын өтіп кетпекші болған. Алайда, облыстық полицейлердің қырағы көзіне түскен. Заң талабын өрескел бұзған азамат аудандық соттың шешімімен 5 тәулікке қамаққа алынды.

Алматы облысының полицейлері тұрғындарды төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтауға, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын бұзбауға шақырады. Аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін жергілікті билік тарапынан қабылданып сақтық шараларына бағыну қажет екенін және ортақ талаптарды бұзудың қатаң жазаланатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды