Қазақстанда сұйытылған газдың бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді

kolesa.kz
Ең қымбаты Қарағанды мен Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында белгіленсе (70 тг/л), ең арзаны - Маңғыстау облысында (50 тг/л).

Қазақстан Республикасы Энергетика министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі бірлескен бұйрығымен жанармай құю станцияларында автокөліктерге арналған сұйытылған мұнай газының бөлшек саудадағы шекті бағасы белгіленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, Нұр-Сұлтанда газдың бағасы литріне 70 теңгеден, Алматыда - 69 теңгеден белгіленді.

Сұйытылған мұнай газының өңірлер бойынша шекті бағасы (ҚҚС қосып алғанда) былайша белгіленді:

Нұр-Сұлтан - 70 тг/л, Алматы - 69 тг/л, Ақтөбе облысы - 54 тг/л, Атырау облысы - 53 тг/л, Ақмола облысы - 57 тг/л, Алматы облысы - 70 тг/л, ШҚО - 68 тг/л, Жамбыл облысы - 64 тг/л, БҚО - 68 тг/л, Қостанай облысы - 65 тг/л, Қызылорда облысы - 60 тг/л, Қарағанды облысы - 73 тг/л, Маңғыстау облысы - 50 тг/л, Павлодар облысы - 63 тг/л, СҚО - 65 тг/л, Түркістан облысы - 57 тг/л, Шымкент - 55 тг/л.

Бұйрықта айтылғандай, бөлшек саудамен айналысатын жанармай құю бекеттеріне сұйытылған мұнай газын жеткізушілер аптасына әр бейсенбіден кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына сұйытылған шикізаттың максималды бағалары туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді (7 сәуір).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды