Тоқаев төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы қаулыға қол қойды

Ақорда
Арнайы режим 1 мамырдың таңғы сағат 0.7:00 уақытына дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес, Президент Қаулы жариялады:

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды