Конституциялық Кеңес Сенат төрағасының өтінішін қарайды

kstnews.kz
Өтініште нормативтік шығармашылық процеске қатысты мәселелер көтерілген.

Конституциялық Кеңес 2020 жылғы 15 сәуірде Парламент Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өтініште нормативтік шығармашылық процеске, атап айтқанда, заңдарды және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді реттеу затын ажыратуға қатысты мәселелер қойылады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Кеңестің отырысына материалдар дайындау бойынша жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды