Қостанай облысында коронавирустан көз жұмған адам 1945 жылғы

Бауыржан Жуасбаев
Аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде байқала бастаған

12 сәуірде Жітіқара қаласының тұрғындары, 1945 жылғы ер адам және 1955 жылғы әйел адам жоғары дене температурасы, әлсіздік және ентігу белгілері бойынша жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ауруханада олардың COVID-19-ды жұқтырғаны белгілі болды. Емделушілердің айтуынша, аурудың алғашқы белгілері 5 сәуірде байқала бастаған. Бұдан өзге, олар вирусты жұқтыру белгілері бар адамдармен қарым-қатынас жасамаған және Жітіқара қаласынан тыс жерлерге шықпаған.

14 сәуірде 1945 жылғы ер адамның дене қызуы көтеріліп, келесі күні таңертең өкпені желдету аппаратына қосылып, интубация жасалды.

Өкінішке қарай, дәрігерлердің жасаған жұмысына қарамастан, науқастың жүрегі тоқтап, таңғы сағат 8:30-да оның қайтыс болғаны анықталды.

1955 жылғы әйел адамның денсаулығы орташа ауыр жағдайда. Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды