Ұлыбританиядан ұшып келген қазақстандықтардың бір бөлігі СҚО-да қалады

Хабар 24
Қалған азаматтар өз қалаларына "жасыл дәліз" арқылы жіберіледі, олар үй карантині режимін сақтайды.

14 сәуірде Ұлыбританиядан оралған қазақстандықтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысында карантинге жатқызылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің азаматтары бар ұшақ 14 сәуір күні Петропавлға қонды. Барлық жолаушылардан короновирустың бар-жоғын анықтау үшін анализ алынды. 2 сынамада вирустың бар екені анықталды.

Эпидемиологтар осы рейспен ұшқан 93 байланыста болған адамды анықтады. Жақын қарым-қатынас жасаған жолаушылар Петропавлда карантинге жатқызылды.

"Барлық жақын байланыста болған 20 адам анықталды, олар қосымша тексеруден кейін Петропавлда 14 күнге стационарлық карантинге орналастырылып, дәрігерлердің бақылауында болады. Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда, ол адамдар провизорлық стационарға жатқызылады", - деді СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев.

Қалған азаматтар өз қалаларына "жасыл дәліз" арқылы жіберіледі, олар үй карантині режимін сақтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды