Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары стратегиялық әріптестік преспективаларын талқылады

ҚР СІМ
Мажар тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады.

Венгрия тарапының бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы 10 сәуірде видеоконференция форматында өткен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс Саммитінің қорытындылары келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды.

Атап айтқанда, қазіргі COVID-19 пандемиясы жағдайында түркітілдес елдердің өзара әрі қарай белсенді әрекеттестігі сөзге тиек болды. Мажар тарапы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші мемлекеттер – Қырғызстан мен Тәжікстанға 5 мың тонна ұн жеткізу арқылы гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін жоғары бағалады.

Сұхбат барысында тараптар мәселелердің кең аясы бойынша стратегиялық әріптестікті қарқындатуға келісіп, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды