Алматыда коронавирус жүкті келіншек сап-сау баланы дүниеге әкелді

Pixabay
Әйел жұқпалы аурулар ауруханасынан босатылғанда ұлын перзентханадан алып үйіне бір-ақ шығады.

Алматыда коронавирус жұқтырған әйел сау баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды zakon.kz.

13 сәуірде жүкті әйел №1 қалалық клиникалық ауруханаға науқаспен байланыстағы адам ретінде карантинге жатқызылды. Коронавирус талдауы оң нәтиже берді.

Екі күннен кейін, 15 сәуірде, оған кесар тілігі жасалды. Әйел салмағы 3,5 келіден асатын баланы дүниеге әкелді. Бұл - науқастың екінші баласы.

Жаңа туған нәрестеден бірден талдау алынып, ол теріс нәтиже көрсетті. Шақалақ толықтай сау. Қазір ол балалар бөлімінде, - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір әйелдің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жақында ол жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі.

Әйел қалпына келген кезде ғана қолына ұлын ала алады.

№1 қалалық клиникалық аурухана - уақытша құрылған орталық. Онда коронавирус жүкті әйелдер босандырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды