Ақтөбеде ер адам уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырған

Pixabay
Ақтөбе облысында КВИ бойынша 18 науқас анықталды.

Ақтөбеде ер адам уақытша ұстау изоляторында коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1984 жылғы ер адамда COVID-19 диагнозы расталғанын хабарлады. Ол уақытша тергеу изоляторында болған.

Сонымен қатар, бүгін Ақтөбе облысында коронавирус 11 және 5 жастағы балалардан, сондай-ақ 32 жастағы әйелден анықталды. Олар - бұрын анықталған науқаспен жақын байланыста болғандар.

Барлық науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ауру жұқтырғандардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

17 сәуірде сағат 14:59 уақыты бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1480-ке жетті. Оның 306-ысы емделіп, жазылғандар, 17-сі қайтыс болды. Ақтөбе облысында КВИ бойынша 18 науқас анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды