Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы сақталады - вице-министр

inbusiness.kz
Барлық білім беру ұйымдары балалар келіп жүрген-жүрмегеніне қарамастан мемлекеттік тапсырысты орналастырады.

Коронавирус инфекциясының салдарынан карантин жарияланғанына қарамастан балабақша тәрбиешілерінің жалақысы сақталып қала береді. Бұл туралы Интернеттегі брифинг барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс таратылды, сондықтан барлық білім беру ұйымдары балалар келіп жүрген-жүрмегеніне қарамастан мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Мұғалімдердің жалақысы сақталады, осындай шешім қабылданды. Егер тәрбиеші ақысыз демалыста болса, бұл дұрыс емес, егер нақты фактілер болмаса, онда біз білім беру ұйымдарымен жұмыс жасайтын боламыз, - деді Каринова.

Вице-министрдің айтуынша, карантин кезінде тәрбиешілер жылдағы ақылы еңбек демалысын алуы да мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды