Алматы облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық азайды

Shutterstock
Биыл Отбасында зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек беру орталықтарына 7 әйел мен 14 бала жеткізілген.

Төтенше жағдай жарияланғалы бері Алматы облысы аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық сипаты бар қүқық бұзушылықтың 43 дерегі тіркелген. осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қолданыстағы заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулерге байланысты 30 тұлға әкімшіліқ қамаққа алынды, 11 азаматқа ескерту жасалып, 2 адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыстық тәртіп сақшылары отбасылық қатынастарды дәріптеу, жанұядағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. Жыл басынан бері облысымызда 300 астам құқық бұзушылық тіркелді. Аталған деректер бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Былтырғы жылмен салыстырғанда, отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткіші 32 пайызға төмендеді", - деп атап өтті Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес полицейлер әлеуметтік көмек көрсету орталықтарымен, психологтармен және тиісті мамандармен бірлесіп, отбасында зорлық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетеді. Биыл Отбасында зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек беру орталықтарына 7 әйел мен 14 бала жеткізілген. Аталған орталықта қызмет алушыларға жан-жақты психологиялық және құқықтық кеңестер беріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды