Бір тәулікте Алматыда КВИ-дің 145 жаңа дерегі тіркелді: 127-сі - медицина қызметкерлері

Depositphotos
Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 577 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның біреуі Алматы облысынан келген науқас.

Алматыда 21 сәуірдегі жағдай бойынша, COVID 19 диагнозы қойылғандардың жалпы саны 669 болды, соңғы 24 сағат ішінде қалада 145 жаңа жағдай анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның 104-і - Орталық қалалық клиникалық аурухананың, 12-і - N12 қалалық емхананың, 11-і - қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері және 18-і олармен байланыста болғандар.

Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар стационарларында 577 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның біреуі Алматы облысынан келген науқас.

Екі науқастың жағдайы өте ауыр, алтауы - ауыр, 168 жағдай - орташа ауыр, ал қалғандары қанағаттанарлық деңгейде.

88 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп, жазылды.

Уақытша ауруханаларда - 452 адам, карантиндік ауруханаларда- 352 адам, 9950 адам үйінде оқшауланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды