Камалжан Надыров қай жерде коронавирус жұқтыруы мүмкін

видеодан алынды
Ол өткен аптада Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласына инспекциялық мақсатта іссапарда болған.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орынбасары Камалжан Надыровтың соңғы күндері қайда болғанын нақтылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен аптада К.Т.Надыров облыстарға, атап айтқанда Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласына инспекциялық мақсатта іссапарда болды. Ол барған медициналық мекемелердің ішінде карантинге жатқызылған нысандар да бар, - деді министр.

Қазір Надыров Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Камалжан Надыров Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық басқармасының бастығы болып тағайындалып, жаңа жұмысына кірісуі керек болатын. Бірақ оның ауырып қалуына байланысты қазіргі басшы Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы кейінге шегерілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды