Қазақстанда саяси партия құру тәртібі жеңілдейді

serke.org
Бұл құжатта саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін азайту қажеттігі көрсетілген.

Мәжіліс депутаттары "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген еді. Яғни бұл заң жобасы қабылданса, партиялық сайлау тізімінен әйелдер мен жастарға міндетті 30 процент квота беріледі.

Жобаны депутаттарға таныстырған әділет министрі Марат Бекетаевтың айуынша, заңға енгізілген өзгертулер кеңінен талқыланып, сарапшылардың пікірі ескерілген. Негізгі мақсат – елдің қоғамдық-саяси процестеріне белсенді жастар мен әйелдерді тарту.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары "Саяси партиялар туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын да мақұлдады. Енді саяси партия құру тәртібі жеңілдейді. Бұл құжатта саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін азайту қажеттігі көрсетілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды