Президент келесі аптаға жоспарланған телевизиялық үндеуінде айтылатын бір мәселеге тоқталды

Ақорда
Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек.

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған Төтенше жағдай кезінде екі аптаның ішінде салынған елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барғанда карантин режимін сақтау мен экономиканы қолдаудың маңыздылығына баса тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінгі дағдарыстан денсаулығы мықты ұлт қана аман-есен шығады.

Президент экономиканы қолдаудың маңыздылығы жайын да айтты.

– Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі айтамын, – деді Президент.

21 сәуірде ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аптада халыққа үндеу жариялайтынын хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды