Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді

24.kz
Отырыс 24 сәуірде өтеді.

24 сәуірде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтеді, - деп жазды ол Тwitter-де.

Қауіпсіздік Кеңесі 1991 жылы 21 тамыздағы Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесі болып алғаш рет құрылды. Кейінірек Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі болып қайта құрылды.

Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғанысын нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлап, оны қарау және бағалау болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды