Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

Баспасөз қызметі
Осы тағайындауға дейін ол ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары болған.

Махаев Дастан Рамазанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Махаев 1983 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасының кеден органында бастады. "Нұр Отан" ХДП-да, ҚР Парламенті Мәжілісінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды. Тағайындалғанға дейін ол ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары болған.

Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінде ол құқықтық және нормативтік мәселелермен айналысатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды