Енді ЭЦК-ны үйде отырып, онлайн ала аласыз

Ашық дерекөздерден алынды
ТЖ кезінде 274 мың ЭЦҚ берілді.

Қазақстан азаматтары төлқұжатын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады. Қызметті алу үшін электрондық үкіметтің порталындағы "Сервистер" бөлімінде орналасқан "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" қызметін таңдау қажет, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұдан әрі кілтті алудың стандартты процедурасынан өту керек. ЭЦҚ-ны қашықтан алу жолымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз. Бұл жерде ЭЦҚ-ны алудың әр қадамы көрсетілген нұсқаулық орналастырылған, деп жазады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен ЭЦҚ кілттері жеке және заңды тұлғалар үшін беріледі!

ХҚКО-на бармай-ақ қашықтан ЭЦҚ кілттерін алу мүмкіндігі үшін, Сізге қажет:

Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты);
Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс;
Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс;
ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.

"Енді Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сәйкестендіру процесінен автоматты түрде қашықтан өту арқылы алуға болады. Бүгін ЭЦҚ-ны жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да ала алады. ТЖ кезінде 274 мың ЭЦҚ берілді" делінген ведомства хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды