ШҚО-да Құран оқытып, тамақ берген үй иесіне айыппұл салынды

altaynews.kz
Батаға жиналғандардың ішінде коронавирус инфекциясы анықталған жергілікті тұрғын да болған.

Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында батаға жиналған 30 адам карантинге жабылды. Үй иесіне қатысты сот әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша қаулы шығарды – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Алтай жаңалықтары.

Облыстағы ақпарат орталығының ақпаратыншы, батаға жиналғандардың ішінде коронавирус инфекциясы анықталған жергілікті тұрғын да болған.

"Жиналған 30 адам үйлеріне карантинге жабылды. Вирус анықталған адамның үйінің маңайы толық дезинфекцияланды. Адамдарды тексеру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр", – деп жазылған ақпаратта.

Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға, салт-дәстүр және өзге де халық көп жиналатын іс-шараларды тоқтата тұруға шақырады. Бұл шектеулер тұрғындардың қауіпсіздігі, вирустың таралмауы үшін қойылғанын ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды