ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

primeminister.kz
Ол өз еркімен жұмысынан кетті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек қызметінен өз еркімен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Үкіметінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Арман Алашұлы Тұрлыбек 1971 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, Алматы мемлекеттік энергетика және байланыс университетін тәмамдаған.

2000-2007 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2007 - 2010 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігінде басшылық қызметтерді атқарды, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі болды.

2010 - 2016 жылдар аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2016 - 2019 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтерді атқарды.

2019 жылдың шілде айынан қазірге дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды