Елбасы Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

24.kz
Ол кісі кәсіби біліктілігімен, өз ісіне адалдығымен, жоғары адами қасиеттерімен және өмірде ұстанған тұрақты ұстанымдарымен ерекшеленді - Назарбаев.

Елбасы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының экс-орынбасары Эрик Гукасовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті саяси және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ерінің қайтыс болғаны туралы хабарды қайғыра отырып, қабыл алды.

Эрик Христофорұлының өмірі қызықты әрі өнегелі сәтке толы, құрылыс бастығынан Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарына дейін көтерілген. Талмай еткен еңбегінің арқасында республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып, жоғары мемлекеттік наградалармен және атақтармен марапатталды. Ол кісі кәсіби біліктілігімен, өз ісіне адалдығымен, жоғары адами қасиеттерімен және өмірде ұстанған тұрақты ұстанымдарымен ерекшеленді, делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды