Алматыда КВИ-мен ауруханада жатқан үш науқастың жағдайы өте нашар

Алматы ӨКҚ
Уақытша құрылған стационарларда 426 адам жатыр, оның 15-і - балалар, 304-і карантиндік мақсатта оқшауланған, ал 11 694 адам үй карантинінде, олардың барлығы медициналық жіті бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта Алматыдағы жұқпалы ауруханаларда 809 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр, 26-сы - ауыр, 228-і - орташа және қалғанының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланады, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты үш науқас арнайы аппаратқа қосылған, олардың екеуінің жағдайы өте ауыр және біреуі - нашар деңгейде. Уақытша құрылған стационарларда 426 адам жатыр, оның 15-і - балалар, 304-і карантиндік мақсатта оқшауланған, ал 11 694 адам үй карантинінде, олардың барлығы медициналық жіті бақылауға алынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды