Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елді-мекендердің айналасына бөгеттер тұрғызылуда

Түркістан облыстық әкімдігі
Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Мақтаарал ауданында су басу қаупі бар елдімекендер айналасына бөгеттер тұрғызылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Нұрлы жол елді-мекені аумағында ұзындығы 2,5 км, биіктігі 1,5 болатын бөгет соғылды. Фирдоусидан Мырзакент елді-мекеніне қарай 3 коллектор орналастырылды. Өргебас елді-мекенінің аумағында ұзындығы 20 м, биіктігі 1 м. болатын бөгет жасалса, Ырыстыда биіктігі 0,5 м, ұзындығы 40 м. бөгет соғылды. Сондай-ақ, Жантақсай маңынан ұзындығы 800 м. болатын бөгет тұрғызылды.

"Сонымен қатар, көрші Жетісай ауданында Қоғалы ауылының автомобиль жолының бойында ұзындығы 500 метрден асатын бөгет салу арқылы нығайту жұмыстары жүргізілуде (бөгет салуға 6000 дана қап пайдаланылған). Аталған жұмысқа 649 адам, 15 дана техника жұмылдырылған. Оның ішінде жергілікті әкімдіктен 13 техника, 15 адам, ТЖД 30 адам, Полиция департаментінен 4 адам, 2 техника және 600-ден астам еріктілер бар", делінген Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі таратқан хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды