Эвакуацияланған мақтааралдық әрбір отбасыға 1000 доллардан үлестірілуде

Түркістан облыстық әкімдігі
Бұл қаражат эвакуацияланған 5 202 отбасының жеке шотына түседі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Онда эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қор қаражатының сертификатын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл қаражат эвакуацияланған 5 202 отбасының жеке шотына түседі. Қазіргі уақытта қаражат алатын барлық азаматтардың құжаттары қабылданып жатыр. Құжаттар толық жиналған кезде, әр отбасы өздеріне тиесілі қаржыны ала алады.

Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған тұрғындары үшін "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5,2 млн. АҚШ долларын аударған болатын. Бұл - 2,3 млрд теңге, 30 420 адамды құрайтын 5 202 отбасының әрқайсына 422 мың теңгеден (1000 АҚШ доллары) үлестіріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды