Елбасы Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ақорда
Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді.

Елбасы Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

"Беларусь халқы Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, экономикалық реформалар саясатын жалғастыруды, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруды және Беларусь Республикасының халықаралық беделінің нығая түсуін қолдайтынын тағы бір мәрте растады. Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Бұл ретте Қазақстан Беларусьпен екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да байланыстарды кеңейту және тереңдету ісін жалғастыруды көздеп отыр. Мен сенімге және өзара түсіністікке негізделген достығымызды қадірлеймін әрі оны жоғары бағалаймын. Біздің өткен жылдардағы бірлескен жемісті жұмысымыз әрі қарай да екі ел халықтарының игілігі жолында көптарапты ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз бола алатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды