Сенат сайлауы: Игерілмей қалған "үгіт-насихат ақшасы" бюджетке қайтарылады

zakon.kz
Аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қаражат толығымен пайдаланылмады

Сенат депутаттығына үміткерлердің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына деп бөлінген, бірақ игерілмей қалған қаражат ел қазынасына кері қайтарылады. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина 12 тамызда өткен Сенат сайлауының қорытындылары бойынша өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың әрқайсысына республикалық бюджеттен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаржылық ресурстар қарастырылған болатын. Алайда, аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл қаражат толығымен пайдаланылмады. Осыған байланысты пайдаланылмаған қаражат бюджетке кері қайтарылады", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды