Ата-аналар баласын 1 сыныпқа беру үшін құжаттарды 20 тамызға дейін өткізуі керек

24.kz
Құжаттар пакеті портал арқылы бір жұмыс күні ішінде қабылданады.

ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша, 2020 жылдың 7 тамызында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Соныме, бастауышқа білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарының бірінші сыныпқа қабылданатын баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерінен құжаттар биылғы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.

Сонымен бірге, тиісті мемлекеттік органдар шектеулі шараларды жүзеге асырған кезде, төтенше жағдайдың енгізілуі, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда, білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттар биылғы жылдың 20 тамызынан кешіктірілмей қабылданады.

Жоғарыда айтылғандай, құжаттар пакеті портал арқылы бір жұмыс күні ішінде қабылданады.

Күндізгі және кешкі оқуға бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына тіркелу 20 тамыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Бұйрық ресми жарияланған алғашқы күнінен бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды