Құрылысы бітпеген "Астана LRT" Ханчжоу шығанағындағы көпірден екі есеге қымбат болып шықты

Ашық дерекөздерден алынды
Тағы бір айта кетерлігі Ханчжоу көпірі осыдан 10 жыл бұрын салынған. Сол кездегі доллар бағамын ескергеннің өзінде Нұр-Сұлтандағы LRT бетоннан емес алтыннан құйылғандай. Екі елде құрылыс құны неге жер мен көктей?

Елордадағы жемқорлық символына айналған LRT құрылысы әлеуметтік желіде тағы да дау тудырды. Сарапшылардың пікірінше, елдегі жеңіл рельсті құрылыс нысанының шығыны Қытайдағы ірі, теңіз үстімен өтетін өткелден екі есеге қымбат, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сәулеті көздің жауын алар, Ханчжоу шығанағындағы көпірге 1,5 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Сонда 37 шақырымдық өткелдің әр шақырымы Қытайға 40 млн долларға түскен. Ал, астаналық LRT-ның әр километріне біз 80 млн доллардан жұмсаппыз.

Тағы бір айта кетерлігі Ханчжоу көпірі осыдан 10 жыл бұрын салынған. Сол кездегі доллар бағамын ескергеннің өзінде Нұр-Сұлтандағы LRT бетоннан емес алтыннан құйылғандай. Екі елде құрылыс құны неге жер мен көктей? Бұл сұрағымызға экономист Бауыржан Ысқақов телефон арқылы былай жауап берді.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

- Қоғамның ішіндегі кең жайылған індет жемқорлықты жоқ дей алмаймыз. LRT құрылысы кезіндегі өзіндік құнының жоғары болуына, заявка жазылған кезде бағаны тым жоғары қойған. Техникалық-экономикалық негізге сүйенбей бағаны тым қымбат қойған. Және несие проценті де жоғары болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды