Фируза Шарипова бокстан әлем чемпионы атанды

Фируза Шарпиованың баспасөз қызметі
Оның қарсыласы 5-раундта жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жекпе-жек Қазан қаласында өтті. Шарипованың қарсыласы - Танзаниядан келген Хеппи Дауди (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек әр раунды екі минуттан тұратын 10 раундқа белгіленгені белгілі. Кездесудің 5-раундында қазақстандық спортшының қарсыласы өзінің жеңілісін мойындады.

Шарипованың бірнеше жойқын соққысын жіберіп алған Хеппи жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Шарипова өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді және IBА тұжырымдамасы бойынша өз дивизионында әлем чемпионы атанды. Хеппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды