Редактор әрі оқытушы: Алматы облысы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды

Алматы облысы әкімдігі
Бұл лауазымды қызметке Рустам Әли келді.

Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Әли облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рустам Әли 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD). Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында "Деловая неделя" газетінің тілшісі болып бастаған. Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, "Каспий" Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, "Деловая неделя" газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, "Деловая неделя" газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы "Жетісу жастары" МҚКК директоры, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, "ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының" Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды.

2016 жылдың мамырынан бастап Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды