Президентке Ұлттық ғылыми медицина орталығының жұмысы бойынша есеп берілді

Ақорда
Мемлекет басшысы орталықтың халық денсаулығын сақтауда үлкен жұмыс атқарып жатқанын айтып, алдағы қызметтеріне тілектестік білдірді.

Президент "Ұлттық ғылыми медицина орталығы" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Абай Байгенжин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық ғылыми медицина орталығы атқарған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады.

Басқарма төрағасының айтуынша, орталық құрылғаннан бері 174 мың адам емделіп шыққан. 81 мың азаматтың жүрегіне ота жасалған. 61,5 мың науқасқа жалпы ота жасалып, емделген. Оның 70% жаңа технологиялармен ота жасалған. Абай Байгенжин отаны жаңа технологиялармен жасау арқылы адам ағзаларын сақтап қалуға мүмкіндік бар екенін айтты. Сонымен қатар осындай ота жасаудың арқасында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілгенін жеткізді. Бұдан бөлек Ұлттық ғылыми медицина орталығы онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеп, 477 адамның құлан-таза айығып кетуіне септігін тигізген. Басқарма төрағасы пандемия кезінде коронавирус жұқтырған азаматтарды емдегендерін де атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың халық денсаулығын сақтауда үлкен жұмыс атқарып жатқанын айтып, алдағы қызметтеріне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды