Мектептен КВИ анықталса не болады - санитарлық дәрігер жауабы

coronavirus2020.kz
Егер науқас мұғалім бір емес, бірнеше сыныпқа сабақ берген болса, сондай факті анықталса, онда инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін мектеп толығымен жабылуы мүмкін.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан оқушымен тығыз байланыстағы барлық адамдар оқшауланатын болады, деп мәлімдеді ОКҚ-да өткен брифингінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды zakon.kz.

- Егер мектеп оқушыларының біріне коронавирус диагнозы қойылса, эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі. Тиісінше, науқас оқушымен бірге оқыған сыныптастары,оқытушылары, сондай-ақ аурудың инкубация кезеңінде тығыз байланыста болған өзге де адамдар оқшауланып, тестілеуден өтеді, - деді Есмағамбетова.

Ол, егер бір мұғалім әртүрлі сыныптарда сабақ берген жағдайда инфекцияның жаппай таралуын болдырмас үшін мектептің бүтіндей жабылатынын айтты.

- Егер науқас мұғалім бір емес, бірнеше сыныпқа сабақ берген болса, сондай факті анықталса, онда инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін мектеп толығымен жабылуы мүмкін, - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды