ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

primeminister.kz
Арман Өтеғұлов 2018 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Арман Кәрімұлы Өтеғұлов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринариялық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмамдаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарында аға, бас мал дәрігері, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында "Талдыапан" өндірістік кооперативінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2018 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып тағайындалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды