Министрліктегі жауапты хатшылар 830 мың теңгеге дейін жалақы алады

zakon.kz
Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 министрлігінде жауапты хатшы бар.

Жауапты хатшының айлық жалақысы 685 мыңнан басталып, 830 мың теңге аралығын құрайды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрлікке қарасты жауапты хатшы лауазымындағылардың жалақысы бүгіндері орташа есеппен 685 мың теңгені құрайды. Ал еңбек өтіліне байланысты айына 815-830 мың теңгеге дейін арасында алатындар да бар, - деді ол.

Үкімет басшысының орынбасары жұмыстан шығарылған жауапты хатшылардың мәселесін министрліктердің басшылары мен Президент шешетіндігін айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 министрлігінде жауапты хатшылар бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды