Ем-дом алу үшін зейнетақы жинағын қалай пайдалануға болады - министр жауабы

Pixabay
Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын салымшының ем-домына жұмсаудың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделу төлеміне пайдалану үшін салымшы Денсаулық сақтау басқармалары (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді.

Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдағаннан кейін, салымшы емделуге ақы төлеу үшін төленген зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі өтініммен уәкілетті операторға (ҚР Үкіметі айқындайтын болады) жүгінеді.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу қағидаларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды