Сыртқы істер министрі Иранның Қазақстандағы елшісін қабылдады

ҚР СІМ
Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.

Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды