Денсаулық сақтау министрі өңірлерді аралап жүр

altaynews.kz
Әр аймақтың алдымызда келе жатқан коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындығын көру біз үшін маңызды - А.Цой.

Өскеменге ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді. Ресми сапар барысында министр жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жаңа пульмонология орталығында болып қайтты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Бұрынғы жедел жәрдем ауруханасының мекемесінде ашылатын пульмонология орталығы заманауи медициналық құралдармен жабдықталмақ.

Атап айтсақ, диагностикалық бөлімде мобильді рентген аппараты және компьютерлік томография орнатылады. Сондай-ақ, науқастарға арналған әр орын оттегі желісімен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, орталық қарамағында ПТР зертханасының жұмысы да жоспарланған.

– Әр аймақтың алдымызда келе жатқан коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындығын көру біз үшін маңызды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын айта аламын. Себебі денсаулық сақтау саласына көптеп көңіл бөлініп, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынған, – деді министр Алексей Цой.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды