Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Сурет: zakon.kz
Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген Қазақстанның шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген Қазақстанның шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды. Сонымен қатар,Палатаның алдағы жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланатын болады.

Атап айтқанда, ШЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы, сондай-ақ, Қазақстан мен Люксембург арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімдер бойынша заң жобалары.

Күн тәртібінің жобасында "Нотариат туралы" заң жобасын жұмысқа алу көзделген. Осының қатарында ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы құжаттарды ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды