Төреші әйелді доппен ұрып құлатқан Джокович US Open турнирінен қуылды

AP Photo / Seth Wenig
Биыл US Open-де су жаңа чемпион болады.

АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде Пабло Карреноға қарсы матч өткізген сербиялық теннисші сызыққа қарап тұратын төреші әйелді доппен ұрып, жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші сетте есеп 5:5 боп тұрған кезде әлемнің бірінші ракеткасы өзінің доп беру кезегін ұтылып қалып, допты корттың қабырғасына қарай ұрған. Бірақ добы төреші әйелдің желкесіне тура тиген. Төреші құлап түсіп, жөтеліп, тынысы тарылғандай қиналып қалды.

Осы оқиғадан кейін Джокович турнирден шеттетілді. Ары қарай Каррено өтті.

Биыл US Open-де су жаңа чемпион болады. 2004 жылдан бері бұл турнирде 7 адам ғана жеңіске жеткен: Джокович, Федерер, Надаль, Дель Потро, Маррей, Вавринка және Чилич. Қазір жарыс жолында бұлардың ешқайсысы қалмады, деп жазады eurosport.ru.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды