Сыртқы істер министрі Пәкістан елшісін қабылдады

ҚР СІМ
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Имтиаз Ахмад Қазиді қабылдады. Елші Пәкістанның Сыртқы істер министрі Шах Мехмед Курешидің жолдауын табыстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.

Тараптар 2020 жылғы 27-28 ақпанда Исламабадта өтуі тиіс Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясы 9-шы отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың уақтылы іске асырылуының маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, халықаралық алаңдарда, соның ішінде АӨСШК, ИЫҰ және т.б. аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды