Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Қарқара-Кеген" бекеті қайта ашылды

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі
Өткізу бекеті сағат 8:00-ден 18:00-ға дейін ашық болады.

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Қарқара-Кеген" өткізу бекеті 7 қыркүйектен бастап қайта жұмыс істей бастады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі хабарлағандай, өткізу бекеті сағат 8:00-ден 18:00-ға дейін ашық болады.

"Қарқара" өткізу бекетінен жолаушылар, көлік, тауар және жануарларды өткізеді. Бекет Ыстықкөл облысының Түп ауданында орналасқан.

Мемлекеттік шекара қызметі бекетте электрондық виза бойынша әзірге ешкім өткізілмейтінін ескертті. Сонымен бірге Қазақстанға барарда адамдар қазақ жағындағы эпидемиологиялық ахуалды және шетелдіктерге енгізілген шектеулерді есепке алуы тиіс.

Қазақстан тарабы пандемиядағы шектеулерге байланысты қырғыз азаматтарына шекарадан өтуге рұқсат бермеді.

Қазір қырғыз-қазақ шекарасындағы "Чалдыбар", "Ақ тілек", "Кең-Булуң", "Чоң-Капка" және "Қарқара" бекеттері істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды