Шымкентте дымқыл майлықтар шығаратын фабрика ашылды

ҚР ИИДМ
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300 мыңға жуық дымқыл майлықтар шығаруға мүмкіндік береді.

​"Оңтүстік" АЭА-ның аумағында "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС компаниясының дымқыл майлықтар шығаратын фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоба түрік капиталы есебінен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыруға жұмсалған инвестицияның жалпы құны 200 млн. теңгені құрады. Егер қазіргі уақытта кәсіпорында 12 жұмыс орны ашылса, онда толық жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жұмыс орындарының санын 45 адамға дейін арттыру жоспарлануда.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300 мыңға жуық дымқыл майлықтар шығаруға мүмкіндік береді.

Компанияның "Eli" брендімен шығарылатын өнімдері жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес. Компания өнімді ішкі нарықта сатуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, "DALSAN (ДАЛСАН)" ЖШС "Оңтүстік" АЭА-ның аумағында түрік инвестицияларының қатысуымен жүзеге асырылған үшінші жоба болып табылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды