Швейцариядан Қазақстанға 390 млн теңгеден астам ақша қайтарылды

Сурет: zakon.kz
Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын.

2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі "Қорғас ісі" бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды