Мамин Түрікменстан Президенті Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді

primeminister.kz
Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды — 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 10%-ға шамамен $100 млн-ға дейін ұлғайды.

Бүгін Ашхабад қаласында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар дамудың жоғары қарқынын және экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті. Карантин шараларына және әлемде орын алған қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды — 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 10%-ға шамамен $100 млн-ға дейін ұлғайды. Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан аумағы арқылы Түрікменстанға теміржол жүктерін транзитпен тасымалдау көлемі 55%-ға артты.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегіне, оның ішінде екі елдің шекарасында шекара маңы саудасының арнайы аймағын құру жолымен дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстанның Министрлер кабинеті басшысының орынбасарлары Р. Мередовпен, Б. Овезовпен және М. Мередовпен жеке келіссөздер жүргізді, онда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың практикалық шаралары қаралды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды