Қырғызстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 56,2 пайызына жетті

Shutterstock
Бұған дейін депутаттар биыл елдің сыртқы қарызы 1 млрд долларға артты деп мәлімдеген.

2020 жылдың 31 шілдесіндегі мәлімет бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169 млн 600 мың доллар болды. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік "сыртқы қарызды азайту үшін үсдіксіз жұмыс жасап жатқанын" хабарлаған. 2019 жылдың аяғында елдің сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 45,5 пайызына дейін азайған, алайда биыл коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы қарыз ЖІӨ-нің 56,2 пайызына дейін жеткен, деп жазады centralasian.org.

Бұған дейін депутаттар биыл елдің сыртқы қарызы 1 млрд долларға артты деп мәлімдеген. Қаржы министрлігі бұны жоққа шығарып, үкімет биыл шетелден 337 млн доллар қарыз алғанын, соның 269 млн доллары несие екенін хабарлады.

Биыл қаңтардан тамызға дейін сыртқы қарызды жабу үшін республикалық бюджеттен 8 млрд 852 млн сом бөлінген. Болжам бойынша, 2020 жылыдң соңында республикалың сыртқы қарызы 4 млрд 323 млн 600 мың доллар болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды